Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 456,7 – 461,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 455 – 461 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 3 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 454,56 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,06 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,9 - 5,05 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 29 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1 теңгеге қымбаттап, 454,69 теңге болған.