Ұлттық банктің 9 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 480,55 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5, 36 теңге. Еуро — 533,75.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 480,59 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 482,72 теңге.
Еуро 531–535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 479,03 теңге, сатып алу құны — 483 теңге. Еуро 529,98 теңгеден сатылып, 534,98 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,24 — 5,35 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 6 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 20 теңгеге арзандап, 480, 55 теңге болған.