Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5 – 457,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 454 – 457 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 453,64 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 27 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,85 теңгеге төмендеп 453,69 теңге болған.