Ұлттық банктің 26 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 478,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге.
Еуро — 534,92.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479, 7 теңге. Еуро 533 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 - 5,23 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 25 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,48 теңгеге төмендеп, 478,14 теңге болған.