Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481- 485 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 7 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,84 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге.

Еуро – 531,33.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,3 теңге. Еуро 530,5 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 481 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01 - 5,13 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,65 теңгеге төмендеп, 482,09 теңге болған.