Ақша айырбастау бөлімшесінің басшысы алаяқ болып шықты

None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда алаяқтықпен айналысқан ақша айырбастау пункті басшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол адамдарға бизнес серіктес болуды ұсынып 1 млн теңгесін қолды еткен.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам тұрақты клиенттеріне валюта бағамы бойынша делдалдық жасап баюды ұсынған.

«Оңай олжаға кенелу жолдарына бірнеше адам сеніп қалған. Олар барлығы 1  млн теңге берген. Уақыт өте берген. Ал күдіктіден хабар болмады»,- деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысының  орынбасары Владимир Решетников.

Полицияның хабарлауынша, клиенттер оны іздей бастағанда алаяқ шетел асқаны мәлім болды.

Құқық қорғаушылар одан жапа шеккен адамдар болса полицияға хабарласуын сұрайды.