Ақша айырбастау орындарында доллар 443- 447 теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443– 447 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

31 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге қымбаттап, 445,89 теңге болған.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 446,07 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,93 теңгеден сатылуда.