Ақша айырбастау орындарында доллар 446-451 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 - 451 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,5 – 451 теңге аралығында құбылып тұр.

14 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 1,53 теңгеге қымбаттап, 451,12 теңге болған.

Ұлттық банктің 15 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,16 теңге, Ресей рублі үшін – 5,35 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 5,25 – 5,49 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,32 - 5,42 теңгеден ұсынылуда.