Ақша айырбастау орындарында доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-451 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 448-452 теңге аралығында құбылып тұр.

22 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 03 теңгеге қымбаттап, 446,86 теңге болған.

Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 60 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,96 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,85-6, 1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,91-5,96 теңгеден сатылуда.