Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461 – 464 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 461,5 – 465 теңге аралығында құбылып тұр.
25 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 43 теңгеге төмендеп, 461, 40 теңге болған.
Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 461, 41 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,70 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35– 6, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.