Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468 – 471,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 469– 473 теңге аралығында құбылып тұр.
21 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге қымбаттап, 470, 01 теңге болған.
Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 470, 28 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,66 теңге болды.
Айта кетейік, қор нарығында доллар қымбаттап, рубль арзандап жатыр.