Ақша айырбастау орындарында доллар 469-475 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 469- 475 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469,9 – 473,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 471– 475 теңге аралығында құбылып тұр.

9 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,48 теңгеге төмендеп, 471, 56 теңге болған.

Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 472, 14 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,65 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7, 2– 7, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.