Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 454- 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5 – 457,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 454,5 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.

8 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 31 теңгеге төмендеп, 455, 62 теңге болған.

Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 455, 65 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,36 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15– 6, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.