АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473- 479 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473 – 477 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 479 теңге аралығында құбылып тұр.
8 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 05 теңгеге қымбаттап, 477, 23 теңге болған.
Ұлттық банктің 9 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 46 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,44 – 7,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.