Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445 - 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегі бойынша, елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

12 маусым кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1, 72 теңгеге қымбаттап, 447,38 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,32 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,43 теңге. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,31 – 5,51 теңге аралығында, Астанада 5,35 – 5,45 теңге аралығында сатылуда.