Kurs.kz дерегінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 – 455 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 452 – 456 теңге аралығында құбылып тұр.
9 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,31 теңгеге төмендеп, 452, 31 теңге болған.
Ұлттық банктің 10 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 452, 39 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,22 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,1– 6, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.