Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,83 - 5,03 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал, Астанада 4,83 - 4,93 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Ресей рублінің құны 4,87 - 4,93 теңге шамасында.
20 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,87 теңге болған.
Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы: 1 рубль – 4,89 теңге.
Айта кетейік, маусым айында Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы күрт төмендеген болатын.