Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеді
09:51, 09 Тамыз 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 478 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 475,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.
8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,11 теңгеге төмендеп, 476, 66 теңге болған.
Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,62 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,2 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.