Ақша айырбастау пункттерінде доллар 479-484 теңге аралығында саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479- 484 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478 – 482 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 479 – 485,50 теңге аралығында құбылып тұр.

19 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,27 теңгеге арзандап, 480,35 теңге болған.

Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480,36 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,55 – 8,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.