Күзет ұйымын басқаратын ер адам сол күні әлдебір банктегі есепшотынан ірі көлемде ақша шешіп алып, кейін оны депозитке салған. Ал кешкілік оның үйіне тапаншамен және пышақпен қаруланған үш адам сау етіп кіріп келіп, ақша талап еткен.
Полиция оқиғаны растады.
- Полиция Екібастұз қаласындағы жеке үйге жасалған қарақшылыққа қатысы бар адамдарды іздестіру бойынша шаралар қабылдауда. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаға қатысты қосымша деректер әзірше айтылған жоқ.
Еске сала кетейік, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды.