ОРАЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыстық прокуратура прокурорлық тексеріс нәтижесінде ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлімі, «г» тармағына сәйкес (қызметтік өкілеттігін пайдаланып жасаған алаяқтық)
«Қазпошта» АҚ БҚОФ Көшім пошта байланысы бөлімінің бастығы А.Сәрсенғалиеваға қатысты қозғалған қылмыстық істі сотқа берді.
Прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2010 жылғы 1 қаңтар мен 2011 жылғы 31 наурыз аралығында А.Сәрсенғалиева сегіз шығыс ордеріне қолды ұқсатып қою арқылы О.Кузнецоваға тиесілі шоттан асыраушысынан айырылуына байланысты БҚО бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті тағайындаған 544 845 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдерді қымқырған.
Дәлелдемелердің жеткілікті болуы ескеріліп, айыпталушының ісі ҚР ҚК-нің аталған бабымен сотқа берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).