Ақша жиынтығы жыл басынан бері 19,825 трлн теңгеге төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қазан айында ақша жиынтығы немесе экономикадағы барлық қаржы 3,3%-ға, жыл басынан бері - 0,4%-ға 19,825 трлн теңгеге дейін төмендеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, қазан айындағы қолда бар ақша көлемі 2,1%-ға (қаңтар-қазан айларында 1,7%-ға артқан) 1,778 трлн теңгеге кеміген. Қолма-қол ақша мен өтімді теңге депозиттерін қосқанда М1 ақша агрегаты 8,9% (+8,4%) 4,991 трлн теңгеге дейін кеміген. Қолма-қол ақша, барлық теңгелей және өтімді валюта депозиттерін қосатын М2 индикатор 3,2% (+8,3%) 13,632 трлн теңгеге азайған.

ҚР Ұлттық банкінің ақша базасы қазан айында 6,2%-ға (+10,6%) 5,3 трлн теңгеге дейін кеміді. ҚР Ұлттық банкі есебіндегі екінші деңгейлі банктер мен ұйымдар депозитінің көлемі 8,7%-ға (+15,8%) 3,604 трлн теңгеге төмендеген.