Ақшалы алпауыт қызына үйленген жігітке 64 миллион доллар төлемек

АСТАНА. 30 қыркүйек. - Қытайлық ақшалы кәсіпкер өзіне күйеу бала іздеп іздестіріп жатыр. Болашақ күйеу жігітке гонконгтық бизнесмен тіпті 64 миллион доллар сыйақы беруге әзір.

Осыны естіп, үйленуге ниет танытқан әрі  сыйақыдан дәмелілер саны көбейген. Болашақ келіннің электрондық поштасына түскен хаттарда қисап жоқ, деп  хабарлайды  BAQ.KZ.

Алайда, мәселе мынада. Кәсіпкердің 33 жастағы қызы еркекшора. 7 жыл бірге жүрген құрбысымен Франциядағы шіркеулердің бірінде некесін де қиып қойған ол, әке ұсынысын құп көрмей отыр.
 
«Мен оған тіпті ренжіген жоқпын. Бұл мәлімдеме мені қатты толқытты. Әкеммен осы мәселе жайында жеке сөйлестік. Әрине, ол маған жаны ашығандықтан осындай ұсыныс жасаған болар. Бірақ, қалай айтсам екен, әкем менің бақытым үшін бәріне дайын ғой»,-дейді Гиги Чао.