Ақшасын төлеп, ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды

Фото: Фото: SpaceX

АСТАНА. KAZINFORM — Алғаш рет коммерциялық рейспен ғарышқа аттанған туристер жерге сәтті оралды, деп хабарлайды немістің BILD басылымы. 

Polaris Dawn жеке ғарыш миссиясы сәтті аяқталды. SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні таңертең теңізге қонды.

Компанияның мәліметінше, олар түскен жер Флориданың оңтүстігіне жақын маңда. 

Фото: BILD

Миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын. 

Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1400 шақырым биіктікке көтерілді.

SpaceX айтуынша, бұл — 1970-ші жылдардың басында айға жол тапқан Аполлон ғарыш бағдарламасы арқылы жасалған соңғы ұшырылымнан бергі жерге дейінгі ең үлкен арақашықтық.

Фото: SpaceX

Мысалы, ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан ХҒС ғарыш станциясы шамамен 400 шақырым биіктікте орналасқан.