АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда екінші деңгейлі банктер 2017 жылғы қаңтар-шілде айларында жеке тұлғалар салымдарының жалпы көлемі 2,6 трлн теңгені құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда, 1,5 трлн теңгеге немесе 36,5 %-ға аз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсынылған ақпараттарға сәйкес, биылғы жылдың шілде айында Қазақстан банктері тарапынан жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары 782,6 млрд теңгені тартқан. Бұл өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда, 14,8%-ға кем.
Бұл ретте жалпы көлемнің 501,5 млрд теңгесі ұлттық валюта салымдарына жатады, яғни өткен жылдың шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы өсім 96,4 млрд теңгені немесе 23,8%-ды құрады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.