Бес қабатты ғимаратта ауданы 40-80 шаршы метр аралығындағы 64 пәтер бар.
Бұл Ақсу ферроқорытпа зауытының өз қызметкерлері үшін салған екінші көппәтерлі үйі. Пәтер иелері баспана құнын 10 жыл бойы төлейтін болады, оларды сатып алуға зауыт жұмыскерлеріне жылына бір пайыздық үстемемен қарыз беріледі.