Павлодар облысы әкімінің орынбасары Николай Дычко Ақсу ферроқорытпа зауытына барып, металл концентраттарын өндіретін «МинералИндастриГрупп» ЖШС жобасымен танысты. Бұл туралы өңірдің индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Металл концентраттарын өндіру барысында Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургиялық қалдықтары қолданылады. Кәсіпорын басшысы Станислав Головин жоспарланып жатқан өндіріс технологиясы туралы ақпарат беріп, бұл өндірісті орналастыруға арналған өндірістік алаңмен таныстырды.
Жұмыс сапарына облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетов, Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов, Ақсу ферроқорытпа зауытының басшылары қатысты.
Аталмыш жобаның нағыз байыту фабрикасына айналатыны хабарланды. «МинералИндастриГрупп» ЖШС екі жылдың ішінде Ақсу қаласының экономикасына тоғыз миллион доллар салуға дайын.