Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Полиция қайғылы жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан жасырыну деректері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өңірлік полиция департаментінің дерегі бойынша, 6 қазан күні Ақсу қаласында ВАЗ-21213 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

- Зардап шеккен адамды жолдан өтіп бара жатқан ВАЗ-21070 автокөлігі де артынша жаншып өткен. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші қаза тапқан. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан жасырыну фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады департтаменттен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жағдайына тұрақты түрде бақылау жасауға шақырды.

Еске сала кетейік, Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді қағып кетті.