Ақсу қаласы мен екі ауданның прокуратуралары арнайы ғимараттарда қоныс тойларын тойлады - Павлодар облысы
07:45, 04 Қазан 2012
ПАВЛОДАР. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақтоғай, Шарбақты аудандары мен Ақсу қаласының қадағалау органдарының қызметкерлері арнайы салынған жаңа ғимараттарға көшті, деп хабарланды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Салтанатты ашылуға облыс прокурорының орынбасары Берік Құлтасов, аудандардың басшылары мен прокуратура ардагерлері қатысып, қызметкерлерді жаңа ғимаратқа қоныстануымен құттықтады. Олар үшін еңбектің жақсы жағдайлары жасалған - жаңа жиһаздармен жабдықталған кабинеттер, интернет-ресурстарға шектеусіз қолжетімділік бар компьютерлермен қамтамасыз етілген.