деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Оқиға қазанның 25-і күні Ленинск-Ертіс автожолының 25-ші шақырымында «Тойота» және «Ауди» автокөліктерінің қатысуымен болды. Оның салдарынан «Ауди» автокөлігінің жануы орын алып, екі машинаның жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Өрт ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша департаменті өртке қарсы қызметінің күшімен сөндірілді.