Ақсу қаласында «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы күні өтті
08:37, 15 Қазан 2012
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ақсу қаласының № 2 мектебінде «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы (АҒТО) күні өтті, деп хабарлады Павлодар облыстық білім басқармасынан.
АҒТО-тың шеберлік сабақтары мен семинарларында 80-ге жуық педагог пен қалалық білім бөлімінің мамандары тәжірибе алмасты. ПМПИ-ның ғалымдары мен дарынды балаларға арналған мектептердің мұғалімдері қазақ тілі және әдебиеті, тарих пәндерінің оқытушылары мен директорлардың орынбасарлары үшін шығармашылық шеберлік сабақтарын өткізді.
Орталықтың мамандары зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларды ұйымдастыру туралы айтып берді.
«Дарындық диалогтар» облыстың басқа да аймақтарында өткізілетін болады. Олардың мақсаты - талантты балалармен жұмысты жақсарту, өңір мектептеріндегі оқу-тәрбие беру үрдісіндегі ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.