Ақсу қаласында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды
09:42, 05 Наурыз 2013
ПАВЛОДАР. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қаласында кәсіпкерлікті қолдау орталығы (КҚО) ашылды, деп хабарлады «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалынан.
Жаңа КҚО бизнесмендерге кешенді қызметтер көрсетудің үшдеңгейлі жүйесінің бір бөлігіне айналды, оған кәсіпкерлікті қолдаудың облыстық, қалалық және мобильді аудан орталықтары кіреді. Оларда кәсіптерін енді бастайтын және оны дөңгелетіп үлгерген бизнесмендер өз істерін ұйымдастыру және дамыту мәселелері бойынша тегін кеңестер алады.
Облыстық КҚО-ға мыңнан астам кәсіпкер келіп үлгерді, оларды бизнесті мемлекеттік қолдаудың инструменттері қызықтырады.
Ертең, 6 наурыз күні кәсіпкерлікті қолдау қоры Екібастұз қаласында ашылады, деп хабарлады «Даму» КДҚ» АҚ-ның аймақтық филиалынан.