№8 жалпы орта білім беру мектебінде аймақ басшысына STEM-зертхана таныстырылды, онда оқушылар гидропоникада салат өсіріп, жұмыртқа басатын инкубатор жасап шығарды.
Мектеп директоры Сұлушаш Бещембаева қайта құру барысында асханаға, акт залына және мектептің қасбетіне терезелерді ауыстырумен бірге күрделі жөндеу жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ, мердігерлер мектептің қосалқы аумағын абаттандырды.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің өкілі Юлия Кресс жөндеуден кейін мектепте пайда болған жайлылық пен жылылықты атап өтті.
Оның үш баласының үлкені - осы мектептің түлегі, одан кейінгі екі баласының кішісі бастауыш, ортаншысы орта буында оқиды.
- Қыстыгүні кабинеттерде суық болатыны есімде, ал, қазір оқушылар жеңсіз көйлекшең отырады, - деді Юлия Кресс. - Менің үлкен балам оқып жүргенде мектептің дәл осындай әдемі болмағанына өкінеді.
Биология пәнінің мұғалімі Тілеужан Құмар оқушылардың бастамасы бойынша өсімдіктерді гидропоникалық негізде өсіре бастағандарын айтты.
Олар қысқа мерзім ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
- Балалар аквариум балықтарының тіршілік әрекетінің арқасында салат жапырақтарын өсіру үшін гидропоникалық қондырғы жасауды ұсынды, - деді Тілеужан Құмар. - Нәтижесінде біз үлкендігі алақандай салат жапырақтарын өсіріп шығардық.
STEM-зертхананың тағы бір жобасы - инкубатор құрылғысы.
Сынақ пен қателіктер нәтижесінде температура сенсорларын, гидрометрлерді және басқа жабдықтарды қолдана отырып, балалар жиырма бес жұмыртқадан жиырма тауық балапанын шығарды.
Педагогтармен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында Әбілқайыр Сқақов өңірде толыққанды оқу үдерісі үшін барлық жағдай жасалып жатқанын, бұл мүмкіндіктер оқушылардың білім сапасын жақсартатын іргетасқа айналуы тиіс екенін атап өтті.
- Павлодар облысында Балалар жылы аясында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда, - деді өңір басшысы. - Біз мектепте тамақтану құнын көтердік, оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие болды.
Ақсу кентінде облыс әкімі атындағы Қ. Шүленбаев атындағы ЖОББМ-е барды, мұнда өткен жылы жылыту жүйесіне, ғимараттың қасбетіне, спорт алаңдарына және ішкі әрлеу жұмыстарына күрделі жөндеу жүргізілді.
Кентте төрт мыңға жуық адам тұрады, олардың ішінде 456-і - мектеп жасындағы балалар.