Ақсу қорытпа зауытына 850 млн теңге айыппұл салынды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы бойынша Экология департаменті облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Экологиялық кодекс талаптарын бұзу фактілерін анықтады.
Департаменттің мәліметінше, Ақсудағы ферроқорытпа зауыты «ТНК «Қазхром» АҚ филиалы осы жылдың І тоқсанында атмосфераға 663,67 тонна көлемінде белгіленген нормадан артық ластаушы заттар шығарған.
Бұзушылық фактісі өндірістік экологиялық бақылау есептерімен және салық декларацияларымен (870-нысан) расталған.
Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігіне сәйкес 854 994 984 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Аталған сома мемлекет кірісіне толық көлемде өндіріп алынды.
Бұған дейін Қазақстанның қай қалаларында жаңа зауыттар салынатынын жазған болатынбыз.