Ақсу өзенінен табылған үндістандық студенттің мәйіті емес боп шықты – ҚР ТЖМ
Сарптамының қортындысының нәтижесінде мүрденің қыз бала екендігі анықталды. Табылған мүрденің кім екенін анықтау үшін мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Айта кетейік, 10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапқан болатын.
Түркістан облысы ТЖД Үндістан елеінің азаматтарынан басқа жоғалған азаматтар жайлы хабарлама келіп түспеген. Іздеу жұмыстарына 12 құтқарушы мен 2 қайық жұмылдырылған.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары 3 ай бойы жүргізілді. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты, өзеннің қатты ағысы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтірді. Сонымен қатар, құтқарушыларға таулар тік болғандықтан өзен жағасына түсу қиын болды. Өзеннің тереңдігі 14 метрге жетеді, ал сүңгуірлер 11 метр тереңдікке сүңгіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді»,-делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметте.