Ақсу-Жабағылыда қар барысы биік тауларды мекендесе, арқар мен таутеке құз-жартастарда еркін тіршілік етеді. Қоңыр аюды тау бөктері мен орманды алқаптардан кездестіруге болады.
Бұл жануарлардың әрқайсысының өз мекені мен тіршілік ырғағы бар. Оларды біріктіретін басты ерекшелік – табиғи ортасының ұзақ жылдар бойы қорғалып келе жатқаны.
– 1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағылыда жабайы жануарларды ғана емес, олардың мекен ету ортасын табиғи қалпында сақтау басты міндеттердің бірі болды. Содан бері 100 жыл өтті. Бір ғасырда көп нәрсе өзгерді. Бірақ бұл тауларда жабайы табиғаттың өз ырғағымен өмір сүруі жалғасып келеді, – делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігі таратқан ақпаратта.
Ақсу-Жабағылының ғасырлық тарихы табиғи экожүйелер мен сирек кездесетін жануарлардың мекенін сақтаудың маңызын көрсетеді.
Айта кетейік, Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдығына орай 1000 түп ағаш егілді.