Ақсу ЖЭС-ның жөндеу цехында ұзындығы бес метрге дейінгі бөлшектерді өңдей алатын станок іске қосылды
08:51, 05 Сәуір 2012
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Ақсудың «Еуроазиялық энергетикалық бірлестік» АҚ-ның ЖЭС-ында Ресейде шығарылған, бағасы 20 млн. теңгені құрайтын жаңа токарь-винт жасайтын станок пайдалануға берілді.
«Бұл кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасы бойынша өте маңызды құрал. Ол бойынша диаметрі бір метрге дейін, ұзындығы бес метрге дейін және салмағы бес тоннаға дейінгі бөлшектерді өңдеуге болады. Онда турбонәрлі сорғының толымдаушыларын, диірмен мойынтіректерінің корпустарын, жер снарядының белдіктерін дайындайды. Тек жоғары білікті мамандар ғана жүргізе алатын станоктың электрондық тәсімі (схема) бөлшектердің асқан дәлдікпен өңделуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ЕЭБ» АҚ-ның вице-президенті Марат Бұғыбаев.
Күрделі жабдықты кәсіпорын жұмыскерлері өз күштерімен жинастырды.