Қазір бұл елді мекенде 130 орындық клуб үйінің құрылысы жүріп жатыр. Онда сонымен қатар жергілікті кітапхана да орналасатын болады. Ал 300 оқушыға арналған мектеп үйінің құрылысы алдағы сәуір айында аяқталады деп күтілуде. Қазіргі заман талаптарына сай салынып жатқан білім ордасында спортзал, кітапхана, акт залы және асхана болады.
22:04, 30 Қаңтар 2013
Ақсуат ауылында екі бірдей әлеуметтік нысан бой көтереді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округінде биыл екі бірдей әлеуметтік нысан бой көтергелі тұр.