Жыр додасына Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып СезімханТөлеген Жамановтармен бірге Қытайдан Жарқынбек Бердібекұлы, Моңғолиядан Ерлан Дәулетұлы қатысады.
Айта кетерлігі, халықаралық айтыс аясында Тастекеевтер әулетінің толықтай қаржыландыруымен Тарбағатай ауданының Екпін ауылында жаңадан салынған заманауи стандартқа сай футбол алаңы мен ауылдың шалғай бөлігін орта мектеппен жалғастыратын 2 шақырымдық асфальт жол пайдалануға берілмек.