Ауыл тұрғындары үшін ауыз су мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып келді. Себебі тұрғындар таза суды көлікпен тасып, құдыққа құйдырып, әлекке қалатын. Жиырма жылдан бері таза суды тасытып ішкен ақсуаттықтар енді бұл қиындықтан біржола құтылды.
«Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес бюджеттен қаржы бөлініп, ауылға су құбырлары тартылды, әр үй жүйеге қосылды. Бүгін сол жаңа ауыз су жүйесі аудан әкімі Бақыт Жақановтың қатысуымен іске қосылды.