Ақсуат ауылының орталық алаңында сағат:14.00-де басталатын жыр сайысына Мұхтар Ниязов, Ринат Зайтов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Қалижан Білдашов, Рүстем Қайыртайұлы, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып Сезімхан, Қуаныш Шарманов, Ерлан Дәулетұлы (Моңғолия), Жарқынбек Бердібекұлы (Қытай Халық Республикасы) секілді ақындар қатысады. Айтысты жүргізетін: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман.
Айтыстан бөлек, Тарбағатай ауданының Екпін ауылында жаңадан салынған заманауи стандарттарға сай футбол алаңы және ауыл мектебін негізгі тас жолмен қосатын екі шақырымдық асфальт жолы қолдануға беріледі. Екі бірдей нысанның ашылу салтанаты 29-шілде күні сағат: 10:00-де басталады. Сонымен бірге, Елбасымыз ұсынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының негізінде «Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманах-кітабының 2-ші басылымы жарық көрді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алу туралы тапсырмасын қолдау мақсатында өткелі отырған игі шаралардың барлығы сол елден шыққан Тастекеевтер әулетінің толықтай қаржыландыруымен, Тарбағатай ауданы әкімінің қолдауымен жүзеге асқалы отыр. Аудан жұртшылығының рухын көтеріп, серпін беретін ізгі шараға елімізге танымал тұлғалар, сол өңірден шыққан өнер майталмандары, БАҚ өкілдері құрметті қонақ ретінде шақырылып отыр.