деп хабарлады жергілікті әкімдіктен.
Оған балалар спорт мектебінің спортшылары, оқушы және жұмысшы жастар, спорт ардагерлері қатысты.
Алау эстафетасының қатысушысы, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, спорт ардагері Тоқтар Адамов пен спорт шеберлігіне кандидат Айнагүл Жаппасова жастарды дене шынықтырумен айналысуға, өз құрбы-құрдастарының арасында саламатты өмір салтын насихаттауға шақырды.
«Батыр» және «Самбет» боксшылар клубының мүшелері жекпе-жектер көрсетті, ал халықаралық турнирлердің жеңімпаздары - «Ирина» студиясының акробаттары өз өнерлерін ортаға салды.
Форумға қатысушылар «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатып, Азиада ойындарында Қазақстан командасына жеңіс тіледі.