Ақсуда екі адам жолдасын өлтіріп, мүрдесін Ертіске лақтырып жіберген
Бұл турады ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жәбірленушінің тұлғасы анықталды. Ол Ақсу қаласының 48 жастағы тұрғыны болып шықты.
Полицейлер осы қылмысқа күдікті 1986 және 1983 жылғы екі адамды ұстады.
Тергеу кезінде мәлім болғандай, қайтыс болған адам мен оған таныс әйел екеуі Ертіс өзені бойында келе жатып, өздеріне таныс екі ер және бір әйел адамды кезіктірген. Олар бірге отырып алкогольдік ішімдік ішуді ұсынған.
Спирттік ішімдік ішу кезінде екі ер адамның арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласады. Оған үшінші ер адам да қосылып кетеді. Жәбірленуші жерге құлағанда, әлгі екеу оны суға лақтырып жіберген. Бұдан кейін барлығы жиналып, «отырысты» пәтерде жалғастыруға кеткен.
«Адам өлтіру» бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.