АКТ жобалар бойынша II жыл сайынғы республикалық олимпиада басталды

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 15 қыркүйекте ақпараттық технологиялар, есептегіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ғылыми және инновациялық жобалар бойынша ЖОО студенттеріне арналған республикалық олимпиадаға қатысу тапсырыстарын жинау басталады.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Көлік және коммуникация министрлігі және «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті».

Олимпиадаға 5 түйінді бағыт кіреді:

- «Экономика саласындағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім салаларындағы АКТ инновациялар;

- «Мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес саласындағы АКТ инновациялар»;

- «Бос уақыт пен демалысқа арналған АКТ инновациялар»;

- «Аппараттық-бағдарламалық инновациялар, оның ішінде робототехникалық құрылғылар мен бағдарламалау»;

- «Жасыл энергетика».

Жобаларда зерттеу тақырыбының өзектілігі, жобаның мәні, тиімділігі, жаңашылдығы, ғылыми-техникалық деңгейі, аяқталу дәрежесі және тәжірибелік құндылығы бағаланады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Жеңімпаздар сертификаттар, бағалы сыйлықтар, ХАТУ магистратурасында оқу гранттарын алады. Бұдан басқа, жобаның ғылыми құндылығы, өзектілігі, шешімнің бірегейлігі және коммерциялық құндылығы үшін қосымша жүлделі аталымдар болады.

Тапсырысты 2013 жылғы 12 қазанға дейін www.olymp.iitu.kz сайтында беруге болады. Қашықтықтан іріктеу айналымының қорытындылары 18 қазан күні www.olymp.iitu.kz сайтына сілтеме жасалып, www.iitu.kz сайтында жарияланады.

Өз жобаларын екінші айналымға өткен қатысушылар жарыстың қорытынды күндізгі айналымында 29 қазан күні Алматы қаласындағы Халықаралық ІТ университетте көрсете алады.