Ақтау 2030 жылға арналған ЭЫҰ-ның туристік астанасы атағына жалғыз үміткер ретінде ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Ақтау қаласы 2030 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) аясындағы туристік астана атағына жалғыз кандидат ретінде ұсынылды.

Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

27-29 сәуір күндері Әзербайжанның Шуша қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Туризм министрлерінің отырысы өтіп жатыр. Осы жиында туризм жөніндегі жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының 9-шы отырысында айтылды.

Жиында мамандар Ақтаудың жалғыз үміткер екенін атап, Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ақтау – Каспий теңізінің жағалауында орналасқан бірегей қала. Сондықтан мұнда жағажай, экологиялық және іскерлік туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар.

Бұған дейін Ақтау қаласының аумағы Каспий есебінен кеңейтілгенін жаздық.