Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай мәлімдеді.
«Жалпы, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының дамуы оң үдеріске ие. Бүгінгі таңда жеке инвестициялар мен бөлінген бюджет қаражаттарының арақатынасы 1-ге 2,5 пайызды құрайды. Өндіріс ауқымы 118 млрд. теңгеге жеткен», - дейді А. Рау.
Оның айтуынша, «Ақтау» АЭА жағымды үдеріс болғанымен, оның әлеуеті толығымен пайдаланылмай отыр.
«АЭА негізгі қызметінің бағыты мұнайгаз секторын барынша қамтамасыз ету және аймақта өндірілген өнімдерді шетке шығару үшін теңіз портының әлеуетін барынша пайдалану болатын. Сондықтан да, Ақтау АЭА қызметін қайта қарап, оны теңіз портынан гөрі мұнайгаз секторына бағыттау, оның ішінде Каспий жағалауы мемлекеттерінің экспортына қарай бейімдеу қажет деп ойлаймыз», - деді А. Рау.