Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

Фото: Фото: qamqor.gov.kz/criminals

АСТАНА. KAZINFORM – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланды. 

— Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Сәдуақасовқа пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс аясында пара беруге итермелеу және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жариялады, - делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының ресми ақпаратында.

Фото: qamqor.gov.kz/criminals

Іздестіру карточкасына сәйкес, Сәдуақасов тегі бойынша іс 2025 жылғы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздестіруді бастаған орган – сот, ал іздестіру жүргізетін орган – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті екені де жазылған. 

Айта кетейік, Тимур Сәдуақасов 2019 жылғы 18 ақпанда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.