Ақтау әкімінің орынбасары бір-ақ күн жұмыс істеп, кетіп қалды

Фото: Фото: Ақтау әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM — Әсет Шопанов наурыздың үші күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда шенеунік келесі күні-ақ жұмыстан шығып кеткен.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсет Шопанов 4 наурыз күні қызметінен өз еркімен кеткен.

Әсет Шопанов Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 — 2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2020 — 2022 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 — 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

Еске салсақ, наурыздың басында Әсет Шопанов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.

Бұған дейін, Маңғыстауда «Ақтау-түркі әлемінің мәдени астанасы»шарасы аясында өтетін іс-шаралар жарияланды.