«Құрметті жолаушылар! 2024 жылғы 29 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де ауа райы жағдайына байланысты (ұшу-қону бағыты бойынша желдің күшеюі) 10 ұшып келу және 5 ұшып кету рейсі кейінге қалдырылды. Сіздерді әуежайдың ақпараттық тақтасында рейс күйін тексеруді, сондай-ақ авиакомпанияның хабарламаларын қадағалауды сұраймыз. Ақтау әуежайында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз»,-деп жазды әуежай өкілдері Instagram парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтау әуежайында рейстер кешігіп, тұрғындар шағымданып жатқаны туралы хабар таратқан едік.