АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне орай Ресей Президенті Владимир Путин Ақтауға сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, бүгін түске дейін Ақтау саммитіне қатысу үшін шаһарға Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Иран Президенті Хасан Рухани бастаған делегациялар келген болатын.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауға саммит қарсаңында келіп, өңірдегі бірқатар маңызды нысандарды аралап көрді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.